Психологиялық тест: «Ағаштың бірін таңдаңыз?»

Oinet.kz 17-03-2020 5003

Төмендегі ағаш түрлеріне мұқият назар салып оң жамбасыңызға сай келген бірін таңдаңыз!

685d80ce-7122-43ac-bd98-10b44b779523 (1).jpg

1-нөмірдегі ЕМЕН. 

Сіз өмірді күтпеген жайттарға толы оқиғалар алаңы деп көресіз. Әрдайым өзгерістерге дайын, жаңашылдыққа жаныңыз құмар болғандықтан да, сізді үнемі жағымды оқиғалар күтеді. Сіз өзіңізді ештеңеден тыймайсыз және жасқаншақ емессіз Жаңа асуларға деген ынтаңыз зор. Нақ сондықтан, әр жетістігіңіздің артында сізді қуанышты тосынсыйлар қарсы алады; 

2-нөмірдегі БАЛҚАРАҒАЙ. 

Тәуелcіздік - сіздің екінші атыңыз сияқты. Өз бағытыңызды таңдауда сізді ешқандай қарсылық ұстап қала алмайды. Әртістік қабілетіңіз басым. Жұмысыңызда табысқа жету үшін сізге асқан қажыр-қайраттың қажеті жоқ: өз қағидаларыңыз бен сеніміңізге мықты болсаңыз, сарыла күткен берекеңіз де келеді; 

3-нөмірдегі ҮЙЕҢКІ. 

Сіз табиғатыңыздан сезімталсыз. Өзі туралы, қоршаған ортасы туралы көп ойланатын адам болса, ол - Сіз. Алдағы уақытта сіздің өміріңізде араңыз гармониялық, романтикалық қарым-қатынасқа ұласатын адам кездеседі; 

4-нөмірдегі ҚАНДЫАҒАШ. 

Сіз күн көріске тез бейімделгіш, ұқыпты әрі салмақты жансыз. Өмірде өз орныңызды анық білесіз. Сіздің жаныңызда өте жайлы, сізбен өткізген уақыт қызықты. Сізге ойланбастан сенім артуға болады. Табиғатыңыздан мықты адам болсаңыз да, кейде айналаңыздағылар сізді жұмсақ, сезімтал адам көреді;

 5-нөмірдегі МИРТ. 

Сізді өз-өзіне сенімді адам деп атауға болады. Өміріңіздегі әр дүние қатаң қадағалауда, сіз ешқашан сәттілікке сенім артпайсыз, тек өз күшіңізге сенесіз. Сіз ешқашан бір іcті кейінге қалдырмайсыз және қолға алған істі аяғына жеткізбейінше тыным таппайсыз. Қажырлы еңбегіңіз бен асқан жауапкершілігіңіздің жеміci cізді көп күттірмейді;

6-нөмірдегі АЛХОРЫ. 

Сіз бейбітшіл әрі парасаттысыз. Сізге уақытты достарыңызбен өткізген ұнайды, бірақ жалғыздықта да жаныңыз жабықпайды. Өмірдің мән-мағынасы жайлы көп ойланасыз. Сирек қателесecіз;

7-нөмірдегі ЖӨКЕ ағашы. 

Сіз мықты сaрапшысыз. Сіз үшін acа маңызды деген дүниені анықтауда интуицияңыз жақсы көмектеседі. Ойыңыз өте зерек, алғыр, өзіңіз сұмдық байқампазсыз. Адамның жоғары мәдениеттілігі сіз үшін маңызды рөл атқарады;

8-нөмірдегі ТАЛШЫН. 

Сізді арманшыл әрі романтик деуге болады. Сіз үшін сезімнің тілі маңызды. Романтикадан бас тартып, салқын ақылға жүгінетін жандардан бойыңызды аулақ ұстайсыз. Сізге өзіңіздің мың бояулы эмоцияларыңыз бен сырлы сезімдеріңізді сол күйінде қабылдай білетін жан керек;

9-нөмірдегі ҚҰБАТАЛ. 

Сіз нағыз экстравертсіз. Сізге қызығушылық тудырған жұмыс болса, тәуекелге барып, жауапкершілікті өз мойныңызға алуға дайынсыз. Жалықтыратын жұмыстардан шаршап, жаңа дүниелерде басты рөл ойнауды асыға күтудесіз. Шектен тыс белсенділігіңіздің түбі сізге атақ-даңқ әпереді.

Әлемдегі ең ерекше жемістер
Психологиялық тест: «Сауық кешіне қай көйлекті киер едіңіз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу