Психологиялық тест: «Сауық кешіне қай көйлекті киер едіңіз!»

Oinet.kz 17-03-2020 3968

Адам мінезі оның әр сөзінен, әр ісінен көрініс тауып отырады. Әсіpесе, киген киіміне қарап болмысына бойлау оңай. Сіз берілген бес бейнеден өзіңізге ең ұнамдысын таңдасаңыз, біз мінезіңіз жайында сыр шертеміз. Сізге тест жаyаптары қаншалықты сәйкес келеді, көрелік?!

ba3f7ef8-3383-4403-9ec1-2a8c3c759089.jpg

1-көйлек. 

Сақ әрі мейірімді адамсыз. Өмірдің келеңсіз кездерін назардан тыс қалдырып, тек жақсылықты көруге ұмтыласыз. Көпшілік арасында көзге түскен ұнамайды, бірақ үнемі мінсіз боп жүресіз. Романтизмге бай, нәзік жаратылыссыз, мінезіңіз де жібектей. Әйелге тән әлсіз тұстарыңызды орынды қолдана білеcіз. 

2-көйлек. 

Жаңа ғана тігілген киімі өзіне құйып қойғандай - бұл теңеу тура сізге арналған. Жетістікке жету құпиясын ешкіммен бөліспейтін жансыз. Теңдессіз стиліңізбен, таңдаулы талғамыңызбен басқалардан ерекшелене түсеcіз. Өзгелердің тамсана қараған көзқарасына етіңіз үйренген. Әсіресе ер адамдар cізге көп көңіл бөледі, бірақ сіз оларды көзге де ілмейсіз. 

3-көйлек. 

Құпия бейтаныс. Сіздің бүкіл өміріңіз сахнаның сыртындай сырға толы. Оған тіпті жақындарыңыздың өзі бойлай алмайды. Кез келген шекараны бұзып-жарып өте аласыз. Ал гардеробыңыз классикаға тұнып тұр. Өзіңізге өте сенімдісіз. Ерлер өзіңізге қандай көзқараста екенін жақсы білесіз әрі мұны жақсы қолдана аласыз. 

4-көйлек. 

Тойдың гүлі. Мақтаусыз тұра алмайсыз. Өзгелердің сынап-мінеуін көтере алмайсыз, себебі өз ісіңізге сенімдісіз. Шығармашылық жаратылыс деп сізді айтуға болады, кретивтік шешімдер шығаруды жаныңыз сүйеді. Жарқын харизмаңызды басқалар оңайлықпен естен шығара алмайды. Қиындықтар сізді қорқыта алмайды, оған тіпті пысқырып та қарамайсыз.

5-көйлек. 

Отбасының ұйытқысы. Ашық-жарқын мінезіңізбен ерекшеленесіз. Сіздің барыңыз да, нарыңыз да - жанұяңыз. Сүйікті адамдарыңыз үшін барлығына бара аласыз. Tіпті өз қалауыңызды да кейінге сырып қойып, өзгелердің ырқына көнесіз. Сізге еш қатысы жоқ адамнан да көмегіңізді аямайсыз әрі одан қайтарымын күтпейсcіз. Сәннің жетегінде кетпей, ішкі және сыртқа дамуға инвестиция құясыз. 

Психологиялық тест: «Ағаштың бірін таңдаңыз?»
Замира «Қалаулымның» бар шындығын айтып, шу шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу