Конор Макгрегор мен Ди Дэвлиннің махаббат хикаясы

Oinet.kz 10-03-2020 1388

Конор Энтони Макгрегор – Ирландық аралас жекпе-жек күресінің күрескері, жартылай жеңіл салмағының UFC чемпионы. 1988 жылы 14 шілдеде Ирландияның Крамлин қалашығында дүниеге келген. 2006 жылы Макгрегор отбасымен Луканға көшіп келіп, сол жерде орта мектепке барған. Уақыт өте, Конор Макгрегор Луканда күресуді болашақ UFC күрескері Том Иоганнан үйрену арқылы аралас жекпе-жек күрес түріне қызығушылығы артады. 

rts2dh0e.jpg__1553669243__31496__vid482793e.jpg

Конор Макгрегор мен Ди Дэвлиннің махаббат хикаясы 

Конор Макгрегор мен Ди Девлинмен Ирландияның бір түнгі клубында алғаш көрісіп, танысқан. Конор сұлу қызды алғаш көрген сәттен бастап онымен жақын танысуға, сөйлесуге әрекет жасайды. Ди оның шынайылығы мен әзілкештігін ұнатқан. Екі ғашықта бір-біріне деген риясыз сезімдерін «бір көргеннен сүйіп қалу» деп атайды.

1024x681_0xac120003_21371057611563114068.jpg

Алғашқыда Конор қыздың сұлулығына тәнті болса, уақыт өте бұл ару өмірінің «мәніне» айналды. Әрбір кездесуде Конор ерекше қыздың әрбір қылығы мен сөздеріне риясыз ғашық бола бастайды. Жақыннан таныса келе екеуіде бір-бірі үшін жаралғандарын түсініп, алға қойған биік мақсаттарға нақты қадамдар жасай бастайды. 

Бірақ өмір олар ойлағандай  жеңіл емес, әрине. Екеуі көп қиыншылықтарды бірге еңсеріп, жеңіп шақты. Кейде тіпті жұмыссыз, ақшасыз күн кешген сәттері болған. Сондай уақыттарда Конор чемпион болу мақсаты мен арманынан қол үзіп, бәрін тастағысы келетін. Бірақ спорттық сөмкелерін залға тасып және оған арнайы тамақ әзірлеп жүрген нәзік Ди чемпиондықтан бас тартқысы келмеді.  Адал және сүйікті әйелі ретінде ол Конорға дағдарысты жеңуге және күрескерлік мансабын жалғастыруға күш табуға көмектесті.

Конор Макгрегор: 

Біз Ирландиядағы жалдамалы пәтерде жұмысыздарға арналған 188 еуро жәрдемақы арқылы күнелттік. Менің жұмысым болмады, өйткені мен әркез жаттығу залында болатынмын. Мен арманымның орындалатытына сендім. Ди мен сенген арманға сенді. Әрбір Құдайдың құтты күнінде мені айқын мақсатыма барар жолда Ди әркез қолдап отырды. Ол мені жаттықтыру залына көлікпен жеткізіп салып, менің шексіз армандарымды тыңдап, әркез қасымнан табылды. Қаражаттың жетіспеушілігіне қарамастан ол менің дұрыс тамақтануымды, күнделікті өмірімнің ретті болуын қадағалап, барын салды. Мен дайындықтан шаршап үйге келгенімді ол әрқашан: «Конор, сенің қолынан келетініне сенемін. Мойыма!» деп айту арқылы маған мотивация берді.  Ол менің құтқарушым. Егер ол болмағанда мен қазір осындай дәрежеде болмас едім. Ал қазір мен миллиондап ақша табамын. Ал мұның бәрі тек Ди және отбасым үшін.

Screenshot_9.jpg

Лионель Месси әйелі Антонелла Рокуццомен қалай танысты?
Логикалық сұрақ: Бос жерде қандай сан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу