Лионель Месси әйелі Антонелла Рокуццомен қалай танысты?

Oinet.kz 10-03-2020 1414

Лионель Андрес Месси – аргентикалық футболшы, «Барселона» атаулфы испаниялық клубтың капитаны. Әлемге танымал футболшы 1987 жылы 24 маусымда Аргентинада дүниеге келген. Отбасыда екі ағасы мен әпкесінен кейінгі төртінші перзент болған Лионель Мессидің ата-анасы қарапайым жұмысшылар. Мессидің футболға деген қызығушылығын арттырған өзінің әкесі. 

adc1e5e91cbc487c8a2391118fa223a0.jpg

Лионель Месси әйелі Антонелла Рокуццомен қалай танысты?

Әйгілі футболшының жары Антонелла Рокуццо 1988 жылы 26 ақпанда дүниге келген. Кішкентай кезіннен көздің жауын алар сұлулығымен өзгелерді тәнті қылған ару өсе келе сән әлеміне қызыққан емес.

Антонелла – Лионель Мессидің бала күннен бірге ойнап өскен досы. Олар 5 жасынан бастап бір-бірін таниды. Екеуіде аргентиналық Росарио қаласының тумасы. Және бір қызықты ақпарат, Антонелла әлемге әйгілі футболшы Мессидің аулада бірге доп ойнаған жан досының туған қарындасы. 

10_E4pfxDC.jpg

2000 жылдардың басында Месси туған қаласынан жыраққа кетеді. Футболшы әлемдік стадионда өз орнын қалыптастырғанға дейін болашақ жары Росариода диетолог мамандығын менгеріп, әйелдер фитнес орталығында жұмыс істейді. Болашақ ерлі-зайыптылар 2009 жылға дейін мүлдем араласпайды. Кездейсоқ кездесуден соң олар қайта айырылыспауға серттесті. 

Антонелла ешқашан қымбат әшекей тағып және әлеуметтік желіге ашық-шашық киіммен түскен суреттерін салған емес. Көбіне оны футболшы әйелдерінің ішіндегі ең қарапайымы деп айтады. Танымал футболшы әйелі Антонелламен шексіз бақытты екенін әркез сөзге тиек етіп айтып отырады. 

Screenshot_8.jpg

Олар өздерінің заңды некелеріне жақын уақытта, яғни 2017 жылдың  30 маусымында отырсада олар қазіргі уақытта екі ұлды тәрбиелеп отырған ата-ана. Тұңғыштары Тиаго 2012 жылы, екінші ұлы Маттео 2015 жылы дүниге келген. 

4tvNkLrisyo.jpg 


«Made in»-нің мәнісі
Конор Макгрегор мен Ди Дэвлиннің махаббат хикаясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу