Гиппократты менсінбеген әулие кім?
Филипп Ауреол Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм. Бұл орта ғасырлық емші өзін әулие санаған. Дәрежесін атақты медик Авла Цельсимен тең көргендіктен Парацельс деген лақап атты таңдаған. Грек дәрігері сол кездегі әріптестерінің бірін де мойындамапты.
Гиппократ
Тіпті Ибн Сина мен Гиппократтың еңбектерін жоққа шығарғысы келген. Сорақысы сол, «Ол дәрігерсымақтарға қарағанда менің башпайларым медицинаны жақсы түсінеді» деп, сөзбен қорлаған көрінеді. Менмендігіне қарамастан Парацельс алғаш рет жараны ыстық бальзаммен емес таза шүберекпен байлау керектігін айтқан.