Айтқаны айнымай келетін үш жасар көріпкелдің болжамы елді шошытты

Oinet.kz 28-03-2023 10565

Бұл оқиға менің жас кезімде болған еді. Ол кезде мен 18 жастамын. Әлі тұрмысқа шықпағам. Ата-анаммен бірге тұратынмын. Мектепті жаңа бітіргем. Сабақ үлгерімім орташа болғандықтан институтқа бармадым. 

Screenshot_2.jpg

Келесі жылы медициналық училищеге құжат тапсырам деп шештім.Жаз мезгілі болатын.Көршінің әйелі босанатын болып ауруханаға кетті де, үш жасар баласы Әлмұхамметке қарайтын кісі қажет болды. Мен бос болғандықтан Әлмұхамметке күтуші болуға келістім (ақысына). Оған ата-анам да қарсы болмады.

Кешке Әлмұхамметті ұйықтатып, сосын үйге қайтатынмын.

Кішкентай болса да, ол ұйықтар алдында ертегі оқып беруімді сұрайтын. Мен үйде тұрған кітаптан күнде ертегі оқып беретінмін.Бір күні кешке ертегі оқып отырғанымда Әлмұхаммет «сенің әкең бар ма?» деп сұрады. Мен «иә, менің әкем бар. Ол өте жақсы адам» деп жауап бердім. Әлмұхаммет жеңіл күрсінді де, бәсең үнмен «ол сенің туған әкең емес қой» деді. Ол кезде оның бұл сөзіне мән бергем жоқ. Арада бес жыл өткенде әкемнің маған өгей екенін, мен жеті айлық кезде анама үйленгенін білдім.

Тағы бірде Әлмұхамметпен көшеде келе жатқанбыз. Қасымыздан өтіп бара жатқан әскери кісіні көрсетіп, «ол отан қорғаушы. Ер адамға әскери киім жарасады» дедім. Ол үндемеді. Үйге келген соң ренішті үнмен «әскери адам ұнаса, әлі-ақ сонымен алыс жаққа барып тұрарсың» деді.

«Анасын сағынған болар» деп ол кезде Әлмұхамметтің ол сөзіне де мән бермедім. Алайда арадан бірнеше жыл өткенде әскери азаматқа тұрмысқа шығып туған жерден жыраққа кетуге мәжбір болдым.Анасы ауруханадан шығып келген соң Әлмұхамметке өзі қарайтын болды. Көп ұзамай менің ініммен бірге Әлмұхамметті де балабақшаға орналастырды. Көбіне оларды кешке балабақшадан мен алып қайтатынмын. Сондай кездерде Әлмұхаммет маған ойда жоқ бірдеңені айтып салатын. Оның сол айтқандарының кейін дәл келетінін мен ол кезде сезгенде жоқ болатынмын.

Бірде ол: «сенің бірдей екі балаң болады» деді. Оның бұл айтқаны да дәл келді. Бүгінде бір-бірінен аумайтын екі ұлым бар. Арасы бір жас болғанына қарамастан елдер оларды ажырата алмайды. Білмейтін кісілер «егіз бе?» деп сұрайды.Тағы бірде інім мен Әлмұхамметті балабақшадан алып қайттым. Қыс мезгілі, күн суық болатын. Қолғабымды ұмытып кетіппін. Қолым тоңып қызарып кеткенін көрген Әлмұхаммет «байқа, қолыңды суыққа шалдырып алма. Әсіресе мына қолыңды» деп сол қолымды көрсетті. Арада екі жыл өткенде қолымды үсік шалды. Сол қолым қатты зақымданды.

Анасы ауруханада жатқанда Әлмұхаммет «анам ауруханада бекерге жатыр, дәрігерлер бәрібір көмектесе алмайды» деген еді.Расымен де сәби туа сала шетінеп кетті.

Тағы бірде Әлмұхаммет маған «әжең қатты жөтеліп жүр ғой» деді. Сол кезде оның бұл сөзіне таң қалдым. Баланың жай айта салған сөзі деп қабылдадым. Өйткені әжем сап сау болатын. Алайда арада төрт ай өткенде әжемнің өкпе қатерлі ісігіне шалдаққаны анықталды. Ауру тез өршіп, көп ұзамай әжем қайтыс болды.

Әлмұхамметтің айтқандарына кейіннен ғана мән бере бастадым. Өйткені араға жылдар салып, оның айтқандары дәл келіп жатты. Бүгінде мен ұшақпен ұшпаймын. Үйде гүл өсірмеймін. Ит көрсем бір шақырым жерден айналып өтем. Себебі ол маған осылардан сақтануды айтқан.

Бірде Әлмұхамметтің ата-анасы қонаққа баратын болып, меннен оның қасында болуымды сұрады. Мен келістім. Жатар алдында мен оған сандар жайлы өлең оқып отырдым. Кезек 10 санына келгенде ол «болды, бұл жаман сан» деп менің қолымдағы кітапты алып жауып қойды.Ол сол кезде өзінің өлетін күнін сезді ме екен? 2010 жылы 10 қазанда Әлмұхаммет қайтыс болыпты. Ол кезде мен басқа қалада тұратынмын. Оның неден қайтыс болғаны туралы ешкім білмейді екен. Ата-анасынан сұрауға дәтім жетпеді.

(Мақала орыс тілінен аударылған)

Alashainasy.kz 

Қадір түнінде періштелерді көрген ақсақал не болғанын айтып берді
Жас мамандарды жындандырған оқшау үй
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу