Адам эмбирионын қолдан өсіру мүмкін бе?
Кембридж университетінің ғалымдары жаңа өмірдің концепциясын толығымен өзгертуде. Олар шыны түтік ішінде бағаналық жасушаны зерттеп, оны қолдана отырып, тышқанның эмбрионын өсірді. Бұл не аналық жасушасыз не спермасыз іске асты.
Бағаналы жасушалар өздігінен эмбрионға айналып, бірікті. Бірақ ол әзірше одан әрі дамуға қабілетті емес. Соған қарамастан бұл өмір сүруге қабілетті адам эмбриондарын жасаудың стандартты емес тәсілінің алғашқы қадамы дейді. Бұл зерттеу ғалымдарға жасанды органдарды қалай өсіруді, гендерді өңдеуді, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуды, эмбриондардың дамуын бастапқы сатыларда зерттеп, түсінуге көмектеседі. Университет өкілдерінің айтуынша, жасанды немесе синтетикалық эмбрион ғалымдарға адам өмірінің туу процесін қадам-қадаммен зерттеуге мүмкіндік береді. Алайда медицина саласындағы бұл даму, болашақта сүтқоректілердің аналық жасушасыз тууына алып келуі мүмкін.