Луи Пастер не үшін дуэльге шықпады?

Oinet.kz 17-01-2020 833

Француз оқымыстысы Луи Пастер бірде дуэльдің құрбаны бола жаздады. Химиктің шешек бактериясын зерттеп жүрген кезі болатын. Бір күні кабинетіне белгілі ақсүйектің секунданты кіріп келеді. Ол Пастердің ақсүйекті қорлап, намысына тигені жайлы айтып, шағымданып, дуэльге шақырады. 

Screenshot_2.jpg

Секунданттың сөзін аяғына дейін тыңдаған Луи былай дейді: «Егер мені өлімге бетпе-бет шақырып жатса, онда қаруды таңдауға құқығым бар. Міне, екі колба: бірінде таза су, екіншісінде шешек ауруының бактериясы бар. Сізді осында жіберген адам екі колбаның бірін ішуге келіссе, мен екіншісін ішуге дайынмын» деп жауап берген екен. Дуэль сол күйі болмапты.   

Адам эмбирионын қолдан өсіру мүмкін бе?
Мәйіттің жанында ұйықтаған ержүрек дәрігер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу