Мәйіттің жанында ұйықтаған ержүрек дәрігер
Хирург – жанкешті мамандық. Себебі қаннан қорықпай, адамға ота жасау – ерлікпен пара-пар. Қаншама адамның өмірін сақтап қалған танымал хирург Николай Склифосовский алғашқыда қаннан қорыққан екен. Студент кезінде бірінші рет операцияға қатысқанда қанды көріп талып қалыпты. Алайда екінші отада оның білімі мен біліктілігіне ешкім жете алмады.
Николай тәжірибе жинауға, оқуға соншалықты құштар болды. Кейде оны достары мәйіттің жанынан талып жатқан жерінен тауып алатын болған. Дәрігер мәйіттен қорыққанан талмаған, оны тәуліктеп зерттеп, әбден қажығандықтан ұйықтап, кейде есін жоғалтып алатын болған. Бір өкініштісі дәрігердің отбасы репрессияның құрбанына айналып, аяусыз өлтірілген.