Онколог қатерлі ісікке шалдыққан адамның сыртқы келбетінде қандай өзгеріс болатын айтты

Oinet.kz 08-02-2023 1984

Қатерлі ісік – адамның сыртқы келбетін түбегейлі өзгертетін ауру. Сонымен қатар, ауруды сыртқы белгілермен өздігінен тану мүмкін емес. Қатерлі ісікке шалдыққан адам семіріп немесе арықтап кете ме? Түктер түсіп, сыртқы түрі өзгере ме деген сынды маңызды сұрақтарға онколог-химиотерапевт Андрей Исаев-Апостолов жауап береді.

Screenshot_4.jpg

Шаш

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастың шашы түсуінің негізгі себебі – химиотерапияны қолдану. Бұл рак клеткаларын өлтіретін арнайы преператтар. Бірақ дәрі тек ісік клеткаларын ғана емес, сонымен қатар, тез жаңаратын барлық жасушаларды өлтіреді екен. Яғни: бұл қанның, асқазан-ішек жолдарының, бас терісінің және шаштың жасушалары. Сондықтан химиотерапия, оның тиімділігіне қарамастан, көптеген жанама әсерлерге ие және қан жасушаларының жұмысына, асқазан-ішек жолдарының және шаштың өсуіне кері әсер етеді.

Дегенмен, барлық химиотерапиялық препараттар мұндай реакцияны тудырмайды. Мысалы, сүт безі қатерлі ісігін емдеу кезінде шаш түспейді.

Дәрігер емдеудің мұндай жанама әсері бар екенін науқасқа міндетті түрде ескертеді.

Бірақ шаш қалпына келеді, емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан кейін өседі. Сонымен қатар, кейде шаштың түсі немесе құрылымы өзгереді - яғни пациенттің шашы қара болса, емделгеннен кейін қоңырға айналуы мүмкін.

Фильмдер мен БАҚ онкологиялық науқастардың шашын түскен етіп көрсетеді, өйткені бұл көрермендердің реакциясын тудыратын ыңғайлы, есте қаларлық сурет. Сонымен қатар, лейкемия, қан қатерлі ісігі жиі фильмдер немесе кітаптар үшін қолданылады. Өйткені бұл жедел емдеуді қажет ететін агрессивті ісік. Мұндай диагнозы бар науқас бозарып, салмағын жоғалтады, шашы түседі. Көзінің асты көгерген арық адамның жарқын бейнесі шығады.

Науқастың шашы түсіп жатқанының еш айыбы жоқ, ең бастысы дер кезінде ескертіп, психологиялық қолдау көрсету керек. Кейбір науқастар үшін шаштың түсуі қатерлі ісіктің анықталуынан да ауыр болуы мүмкін.

Салмағы

Шынында да, науқастар қатерлі ісікпен ауырғанда салмақ жоғалтады. Бұл бірден бірнеше себепке байланысты болады. Бір сөзбен айтқанда, ісік - бұл ағзадағы өте агрессивті орта және ол қоректік заттарды жылдам қарқынмен тұтынуға тырысады. Яғни, қарапайым жасуша тіндері шартты түрде 200 ккал жесе, ал ісік 800 ккал жейді. Ол үнемі өседі, оған энергия қажет. Сондықтан қатерлі ісік адам ағзасынан қуат алады, оған тамақтың әдеттегі мөлшері жетіспейді.

Сыртқы белгілер

Онкологиялық аурулардың жасырындығы айқын симптомдардың болмауында жатыр - көбінесе ісік ұзақ уақыт бойы байқалмайды. Сондықтан профилактикалық скрининг өте маңызды.

Әрине, меланома сияқты қатерлі ісіктің белгілі түрлері бар. Бұл қатерлі ісіктің кең таралған түрі. Кейбір қатерлі ісік түрлері, мысалы, бауыр ісігі, сарғаюға әкелуі мүмкін - содан кейін тері кенеттен сарғайып кетеді. Ал ісіктің кейбір түрлері қан кету арқылы көрінеді - мысалы, тік ішектің қатерлі ісігі немесе жатырдың қатерлі ісігі. Қатерлі ісіктердің бұл түрлері көбінесе ертерек анықталады.

Аурудың адамның сыртқы түріне қалай әсер ететіні онкология түріне және емдеу әдісіне байланысты. Кейбір әдістер, мысалы, беттің ісінуіне әкелуі мүмкін. Кейде аяқ-қолдарда әлсіздік болуы мүмкін немесе олар кенеттен ісінуі мүмкін.

Қатерлі ісіктің көптеген белгілері бар және олар әртүрлі көрінеді, бірақ олардың барлығын тек дәрігер ғана байқай алады. Бірақ онкологпен кездесуге бару уақыты келгенін көрсететін ең көп таралған белгілердің  тізімі:

• себепсіз кенеттен салмақ жоғалту;

• тәбеттің болмауы;

• ұзақ уақыт бойы кетпейтін ауырсыну;

• нәжісте немесе зәрде қан;

• жыныс жолдарынан қан кету;

• дауыстың өзгеруі;

• лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Сонымен қатар, қатерлі ісік міндетті түрде белгі бермейді. Сондықтан денеңіздегі белгілі себептерсіз кез келген өзгерістер дәрігерге қаралудың себебі болады.

Т. Раушанұлы

massaget.kz

Шымкент кәсіпкерлерін жер мәселесі толғандырады
Көкшетауда 300 мың теңге көлемінде пара алудан бас тартқан полицей марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу