Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
Антикор жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі Мобильді топ кәсіпкерлердің бірқатар мәселелерін қарастырды.
Кездесу аудан әкімдігінің алаңында өтті. Шағын және орта бизнестің проблемаларының жартысы – жер қатынастары саласындағы мәселелер.
Мәселен, қаланың 30-ға жуық кәсіпкері жердің нысаналы мақсатын өзгерту, үлкен салық мөлшерлемесіне, сауда орындарын беру, сондай-ақ құрылыс объектілерін қабылдау, құрылысқа рұқсат беру және жеңілдікпен несие беру кезіндегі кедергілерге шағымданды.
Барлық бағыттар бойынша түсіндірме беріліп, қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сүйемелдеуіне 4 өтініш қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, «Бизнеске жол» жобасы аясында Мобильді топ Абай және Қаратау аудандарының бизнес өкілдерімен кездесті.