Аймағамбетовтың қай университетке оқытушы болғаны белгілі болды
Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды. Оқу орнының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқиды.
"Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын" – деді Асхат Аймағамбетов.
Еске салсақ, бүгін Асхат Аймағабетов Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді. Ол 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.