Қазақтың ұлттық киімдері: Көйлек
Көйлек – әйелдердің киімі. Қос етек көйлекке екі, үш етекті қоса тігеді. Кең етекті көйлекке ештеңе қоспай тігеді. Тік етек пен кең етек көйлекті әжелер, бүрмелі көйлекті жас қыздар мен жас келіншектер киеді. Етегінің қатпарына сай, жеңіне де қатпар түсіріледі.