Қазақтың ұлттық киімдері: Белбеу
Белбеу – киім сыртынан бел бууға арналған, бір ұшы айылбасты былғары (1,5-2 м), қайыс немесе (2-3 м) шүберек. Шүберекте айылбас болмайды. «Бел» және «Бау» сөздерінен қосылып, фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Былғары сыртына кейде алтын, күміс әшекей орнатылады.