Жойғыш ұшақ пилоттары киетін заманауи дулыға

Oinet.kz 06-11-2019 1213

Дулыға.jpg

Әйгілі Американдық F-35 жойғыш ұшағының пилоты басына киетін заманауи дулыға. Оның ішінде компьютер арқылы барлық жүйе ұшқыштың көз алдында болады екен. Бұл теңдесі жоқ ұшақтың бүгінде бесінші ұрпағы шығарылып жатыр.

F-35-тің басты ерекшелігі ол теңіз күштерінде аса қабілетті. Себебі, тік ұшып-қона алатын соғыс ұшағы кез келген соғыс кемелеріне жан- жақты көмектеседі.

Бұл әлемдегі ең жылдам, техникалық мүмкіндіктері мен жауынгерлік қабілеттері аса жоғары соғыс ұшағы болып саналады. Ол қазір дүние жүзінің санаулы елерінде ғана бар. Америкалық әскери өндірістің өнімі 2006 жылдан бері 425 дана шығарылса, оның жалпы құны 357 млрд. доллар екен. Ал, 2030 жылға дейін бұл ұшақтардың бағасы 1 трлн. долларға дейін жетуі мүмкін.

F-35 ұшағының пилоты басына киетін бұл шлемнің ерекшелігі ол ұшақ кабинасын толық көріп отырады. Сонымен қатар, барлығы түнде де анық байқалады. Пилот басының қимылы мен көзін ашып- жұму арқылы борттағы қару- жарақты басқарып, радиобайланыс пен сырттағы белгісіз ұшу нысанды көз алдындағы дисплейден көре алады. Американдықтар қазіргі таңда бұл ұшақты бұдан да мықты түрде дамытып жатыр...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Пиза мұнарасы туралы қызықты деректер
Сталинмен фотоға түскен қыздың тағдыры не болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу