Алматыда әйелді өлтіріп, басын базарға тастап кеткен адам неге мұндай қатыгездікке барғанын айтты

Oinet.kz 24-04-2023 891

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен адам ұсталды. Күдіктінің жасы 61-де. Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, екеуара болған жанжалдың соңы осындай қылмысқа ұласқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

«Күдіктінің  жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде істелгені белгілі болды. Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды»,- деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Әлеуметтік желіде осыған дейін күдікті марқұмның денесін сүйреп бара жатқан видеосы және фотосы тараған. Полиция мұны тек бүгін растады. Осыдан екі апта бұрын базардан пакетке салынған адамның басы табылып, жұрттың жағасын ұстатты. Куәгерлер күдіктінің көк күрте кигенін, көзілдірік пен бетперде таққанын айтты.

Жәбірленушінің денесі базар жанындағы қараусыз ғимарат қасынан табылды. Марқұм 1976 жылы туған әйел. Бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Жанжал не үшін болғаны, қылмыстан соң басты неліктен базарға апарғаны тергеуде белгілі болады.

Астанада ер адам құрылыс кранына шығып, өзін өртеп жіберетінін айтып наразылық білдірді
Украина НАТО-ға мүше болады, егер...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу