Украина НАТО-ға мүше болады, егер...

Oinet.kz 26-04-2023 861

АҚШ Украинаның НАТО-ға мүше болуын қолдайды... егер ол соғыста Ресейді жеңсе. Мұндай мәлімдемені 24 сәуірде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің үйлестірушісі Джон Кирби «Америка даусына» берген сұхбатында айтқан.

Screenshot_7.jpg

Оның мәлімдеуінше, НАТО-ның Украинаға есігі ашық:

"Бұл бойынша біздің ұстанымымыз өзгермейді. Біз НАТО-ға қатысты ашық есік саясатын жалғастыра береміз",– деген ол, бірақ Альянсқа кіру туралы мәселе тиісті елдермен және Альянспен келісілетінін ескертіпті.

Бұл нені білдіреді? Бұл Украинаның НАТО-ға кіруі Ресеймен де келісу қажеттігін де білдіре ме? Өйткені Украина НАТО-ға мүше болуға 1992 жылдан бері ұмтылып келеді. Оның одаққа қабылданбауының бір ғана себебі бар: бұл Ресейдің мүддесіне қайшы келеді. Ал НАТО қай уақытта да әлемдегі алпауыт ел – Ресейдің пікірімен санаспай тұра алмайды.

Кирбидің айтуынша, қазіргі уақытта барлық назар Украинаға көмек беруге аударылуы керек. Себебі Украина бұл соғыста сәттілікке қол жеткізіп, осыдан кейін келіссөзге отыруы тиіс екен.  Ал Еуроодақ елдері Украинаға көмек беруді жалғастырып жатыр. Ресей басқыншылығына қарсы соғысу үшін оқ-дәрі әскери құрал-жабдықтар қажетті көлемде берілуде. Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі өкілі Жозеп Боррельдің айтуынша, Украинаға жәрдем беру тоқтамайды.

"Мыңдаған зымырандарды жібердік. Оқ-дәрімен қамтамасыз ету өсіп жатыр, алдағы уақыта ол одан да көбейеді",– деді Боррель. 

Қазір Украинаға 14 миллиард доллардың көлемінде көмек берілген. Еуроодақ сондай-ақ,  1 миллион оқ-дәрі беру туралы уәдесін де орындап жатыр.  Ал жақында Украинаның Қарулы күштерінің штабы соғыс басталғалы бері Ресей жауынгерлерінің шығынын 187 мың 80 адам деп көрсетті. Алайда Ресей жағы басқаша деректерді таратып отыр.

Алматыда әйелді өлтіріп, басын базарға тастап кеткен адам неге мұндай қатыгездікке барғанын айтты
Путиннің «сыңары» жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу