Путиннің «сыңары» жоқ

Oinet.kz 26-04-2023 733

Жуырда Ресей президенті Владимир Путин Херсон облысының оккупацияланған аумағына барып қайтты.  Алайда Украина жағы Херсонға барған Путиннің өзі екендігіне күмәнданып отыр.

Screenshot_8.jpg

Оның Путин емес, сыңары екендігі анық көрінеді.

"Ол жерге ешқандай да Путин барған жоқ. Әрине, ол оның сыңары. Себебі Путин өте қорқақ адам. Ол емін-еркін жүре алмайды, бұл мүмкін емес",– дейді Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің хатшысы Алексей Данилов.

Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путиннің ешқандай сыңары жоқ және болған емес:

"Путиннің сыңары бар екен, ал оның өзі бункерде отырады»  деген әңгімелерді көп естиміз. Бұл барып тұрған өтірік. Сіздер біздің президентіміздің қандай екендігін жақсы білесіздер. Ол өте белсенді. Онымен жұмыс істегенде ешкім ілесе алмай қалады",– дейді Песков.

Песковтың айтуынша, Путиннің денсаулығы жақсы, ол ешқашан бункерде отырмаған. Дегенмен ақпарат құралдарында Путиннің сыңары туралы әңгімелер толастаған емес. Кейбір журналистер Путиннің екі, енді біреулер төрт сыңарының барын жазған.  Ал былтыр мамырда британиялық бір ақпарат құралы Путиннің әлдеқашан өліп қалғанын, елді оның сыңарының басқарып отырғанын жариялаған болатын. Кейбір сайттар Путиннің ауыр дертке шалдыққанын, бұқаралық шараларда оның сыңары жүреді деген мағынадағы мәліметтерді келтіреді. Бірақ мұның бәрі болжам ғана. 

Украина НАТО-ға мүше болады, егер...
Қазақстан Ресейге қарсы дауыс берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу