Алматыдан ұшып шыққан ұшақтың төрт экипаж мүшесі уланып қалған
Алматыдан ұшып шыққан Air Charter Service (ACS) ұшағындағы төрт экипаж мүшесі уланып қалған деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Авиановости Казахстан" басылымына сілтеме жасап.
“Дереккөздің хабарлауынша, 12 сәуірде Алматыдан ұшып шыққан рейстердің бірінде экипаждың төрт мүшесі бортта берілген тамақтан уланған”, – делінген ақпаратта.
Ақпаратқа сәйкес, аталған факті бойынша прокурорлық тексеру жүргізілген.
“Прокурорлық тексеру кезінде ACSайыппұл салынды. Цехтен алтын түсті стафилококк табылды. Алматы қаласының прокуратурасы 1600 АЕК көлемінде айыппұл салды”, – дейді дереккөз.
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі бойынша елдердің "қара тізіміне" енуіне шақ қалған
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейстері пайда болмақ
Алайда кейін прокуратура Алматыдан ұшқан ұшақтың экипаж мүшелерінің улануына қатысты тергеу жүргізілмегенін айтты.
“Алматы қаласы Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді. Прокуратура тексеріс жүргізген жоқ”, – деп түсіндірді Алматы қаласының көлік прокуратурасы.
Кейін белгілі болғандай, ұшақ Алматы-Астана-Семей бағытындағы чартерлік рейсті орындаған.