Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
1173 жылы Қазақ жерінде қандай құрылыс болды екен. Ол заманды еске салатын сақталған архитектура бар ма?
Ал, мына Италиядағы Пиза мұнарасы сол 1173 жылы құрылысы басталып, 200 жылға созылған. Биіктігі 8 қабаттық үймен бірдей ғимарат 1360 жылы пайдалануға беріліпті. Бұл сол заманда ақ мәрмәр тастан жасалған екен. Демек, қазіргі атақты Италияндық мраморлар сол кезде болған.
Мұнараның биіктігі 55 метр болса, оның төбесіне шығатын 257 текпішек бар. Нысанның салмағы 14,5 мың тоннаны құрайды екен. Тіпті, бұл мұнарада бір кездері атақты Галилео Галлилейдің өзі зерттеу жұмыстарын жүргізген көрінеді. Алайда, ғимарат салынған 700 жылдан астам уақытта ол ақырын- ақырын бір жағына қарай қисайып келеді.
Қазіргі уақытта Пиза мұнарасы бастапқы кезінен 5 метрге дейін шалқайған екен. Бірақ, мұнараның нақты қашан құлайтыны белгісіз. Өйткені, ол 13 ғасырдан бері қисайып келеді...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан