Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Ұлыбританияның атақты премьер-министрі Уинстон Черчилль ХХ ғасырдың ең танымал тұлғасы. Ол саясаткер ғана емес, жазушы және өмірде өте жолы болғыш адам саналады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кезде Черчилль үш министрді кешкі асқа шақырыпты. Тамақ ішіліп жатқан кезде жау ұшақтары қаланы бомбалауды бастайды. Бірақ, дастарханда отырғандар ас ішуді жалғастыра береді. Кенет Черчилль орнынан атып тұрып, асханаға қарай жүгіреді. Асханадағы қызметшілеріне дереу төменге түсуді бұйырады да өзі қайтып келіп тамағын іше береді. Арада үш минут өткенде асханаға жау бомбасы түсіп, күл-талқанын шығарыпты.
Черчилльдің бақытсыз жайттарды алдын ала сезетін осындай қасиеті болған. Осы қасиеті оны ажалдан талай мәрте алып қалды. 1941 жылы неміс ұшақтары Лондонды бомбалауды бастаған кезде Черчилль әуе қорғанысы жұмыстарының барысымен жиі танысып отырған. Бірде артиллеристтердің жұмысын тексеріп болған ол қызметтік көлігіне қарай жүреді. Ол көліктің есігін ашып тұрып, кілт тоқтайды. Бұдан кейін есікті қайта жауып, көлікке келесі жағынан барып мінеді. Көлік бұдан кейін Лондонның көшесімен заулай жөнеледі. Жолда жау бомбасы көліктің бір бүйіріне келіп жарылады. Таңқаларлығы сол, бұл Черчилльдің алғаш мінбек болған жағы екен. Егер ол осы жақтан мінгенде ажалдан құтыла алмас еді. Әйелінің «неге бұлай істедің?» деген сұрағына ол: «Әлдебір дауыс маған «тоқта» деп бұйырды. Осыдан кейін маған көліктің келесі жағынан барып отыруды ескертті. Мен оның айтқанына құлақ астым», депті.
Ағылшынның премьер-министрі осылайша үнемі «ішкі даусына» сенген. Черчилль расында да ерекше адам. Ерекшелігі сол, ол өзінің жерлеу рәсімінің сценарийін де өзі жазып кеткен тұлға.