Гитлердің атасы еврей ме?

Oinet.kz 11-01-2024 7583

«Оның сабағы өте нашар, бірақ, өзін нағыз көшбасшы ретінде сезінеді». Бала Гитлер туралы ұстаздары осылай деген екен. Гитлердің өмірі қарама-қайшылыққа толы. Ол өзінің еңбектерінде арийліктердің көздері көк, шаштары ашық түсті болуы тиіс деп жазған. Бірақ, Гитлердің өзінің шашы қара, көздері қоңыр болған. 

Screenshot_17.jpg

Гитлердің әкесі некесіз туылған. Оның әжесі әлдебір бай еврейдің үйінде қызметші болып істеген. Кейбір болжамдарға қарағанда әжесі Гитлердің әкесін осы еврей отбасы мүшелерінің бірінен туған. Яғни,  еврейлерді өлердей жек көрген, 7 миллион еврейді қырып салған Гитлердің бойында еврейдің қаны болған.

Гитлердің әкесі Алоис өзінің туысы Клара Пельцльге  үйленген.  Өзінің туысына үйлену үшін Алойс Ватиканнан арнайы рұқсат сұраған. Оның алғашқы әйелдерінен ұлы Алоис және қызы Ангела туылған болатын. Осы Ангеладан туылған Гели Раубаль Гитлердің көңілдесі еді. Гитлердің артында ешқандай ұрпақ қалған жоқ. Кейбір болжамдарға қарағанда ата-аналары бір-біріне жақын туыс болғандықтан, Гитлер бала сүю бақытынан бас тартқан. 

Гитлер ет жемейтін вегетериан болған. Сондай-ақ, темекі тартушыларды жек көрген. Ол тазалықты, ұқыптылықты өте жақсы көрген. Үнемі айналасындағылардан тұмау жұқтырып аламын деп қорқып жүреді екен. Гитлер мәдениеттілікті жоғары бағалаған. Әскерилер арасында тәртіпті күшейту үшін ол қоғамдық көліктерде билетсіз жүргендерді аялдамада табанда атып тастауға бұйрық берген. Гитлердің өзі де өте мәдениетті болған. Ол, тіпті, көпшіліктің алдында сырт киімін шешуді де мәдениетсіздік деп есептеген және өзі де бұлай істемеген.  

Гитлер адамдармен тығыз араласа бермеген. Тек қажет кезде ғана арнайы шақыртып, сөйлескен. Өзгелердің пікірімен санаспаған. Ол сөйлеген кезде халықаралық терминдерді жиі қолданған екен. 

Гитлер Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ефрейтор шенін алған. Бүкіл неміс әскеріне қолбасшылық жасап жүрсе де ол өмірінің соңына дейін осы шенімен өтіпті.

Брежнев - ең мықты билеуші
Черчилльдің «ішкі дауысы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу