Кофенің отаны қай ел?

Oinet.kz 06-11-2019 8536

Кофе.jpg

Кофенің отаны - Эфиопия. Бірақ оны шын мәнінде дамытқан мемлекет Бразилия болды.

Кофені алғашында Эфиопияда Кальдий есімді шопан тапқан екен. Ол өзінің ешкілерінің ерекше бір өсімдікті жеп тұрғанын байқаған. Кейін кофе ағашының жапырақтарын жеген ешкілердің күші артып, аяқтарымен жер тарпып, бір сөзбен айтқанда түнімен ұйықтамаған екен.

Кальдий бұл жеміс ағашы жөнінде жергілікті монахтарға жеткізіп, одан олар шырын жасауды қолға алған.

Бұл монахтардың ұзақ уақыт ұйқысыз жүруіне көмектесіпті. Ал, арада бірнеше жыл өткенде кофені бүкіл таяу шығыс біле бастаған. Бүгінде дүниежүзілік кофе өндірісінің 36 пайызын Бразилия өндіреді. Екінші және үшінші орындарда Вьетнам мен Колумбия келеді.

Кофені ең көп ішетін Скандинавия елдері екен.

Мәселен; бір Норвегиялық азамат жылына 12 - келі кофе ішеді. Кофе Бразилия жеріне 1727 жылы жеткізіліп, кейін сондағы климатқа бейімделіп кеткен. Бүгінде кофенің бірнеше сорты бар. Алайда, олардың ішінде ең қымбат әрі ең танымалы Арабика мен Робуста сорттары...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Араб цифрлары қайда пайда болған?
Пиза мұнарасы туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу