Араб цифрлары қайда пайда болған?
Қазіргі дүниежүзілік қолданыстағы, күнделікті өмірде сіз бен біз пайдаланып жүрген Араб цифрлары Үндістанда пайда болған. Ендеше, ол неліктен Үнді сандары емес, Араб цифрлары деп аталады? Себебі, бұл сандар Еуропаға Араб кітаптары арқылы тараған екен. Нақтырақ айтқанда, 10- шы ғасырда Мұхаммед Әл-Хорезмидің еңбектері арқылы Араб сандарын Еуропа білген.
Араб цифрлары 5- ші ғасырда Үнді жерінде ойлап табылды. Алайда, ол туралы 10- шы ғасырға дейін 500- жыл бойы ешкім білген жоқ. Егер, Араб ғалымдары болмағанда қазір де біз 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0 деген сандарды білмейтін едік.
Демек, Үнді сандарының Араб цифрлары деп аталуы заңдылық. Жалпы, ортағасырларда Еуропалықтар Арабтардан көптеген сөздерді ұрлаған. Мәселен: Алгебра, Геометрия, Тариф деген сөздер алғашында Араб елдерінде қолданылған екен. Ал, Араб цифрлары пайда болғанға дейін Еуропаның жекелеген мемлекеттері Рим цифрларын қолданды. Араб цифрларымен салыстырғанда Рим сандарының ешқандай ерекшелігі жоқ еді. Өйткені, ол қарапайым латын алфавитінің әріптерінен құралған болатын. Рим цифрларын біздің заманымызға дейінгі 500- ші жылдары Италиядағы Этруск тайпалары ойлап тапқан...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан