Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Осыдан 80 000 жыл бұрын Намибия жеріне құлаған Гоба метеоритін 1920 жылы жергілікті шаруа кездейсоқ жағдайда тапты. Фермер өгізбен жер жыртып жүріп, белгісіз бір қатты затқа тап болған. Кейін оның таза темірден тұратын аспан денесі екендігі белгілі болды. Гоба метеориті сол кезден бері жер бетінде табылған ең алып метеорит саналады.
Алайда, Гоба метеоритіның салмағы табылған тұста 66- тонна болды. Бірақ, арадағы 100- жылға жуық уақытта ол 60- тоннаға дейін арықтап, көлемі айтарлықтай кішірейген екен. Мұны зерттеушілер каррозия мен вандализм салдары деп отыр. Намибия үкіметі метеоритке жан жақтан тыныштық бермеген соң ол жерді қоршауға алып, бүгінде туристік орталыққа айналдырып отыр.
Гоба метеоритінің аты оны тапқан шаруаның есімімен байланысты қойылған. Ол 84- пайыз темір мен 16- пайыз никельден тұрады. Бұл жер бетінде осы уақытқа дейін адам тапқан ең ірі аспан денесі. Ғалымдар метеорит шамамен 80 мың жыл бұрын құлаған деп есептеп отыр. Алайда, жер ғаламшарының әлі де адам аяқ баспаған жерлері бар екенін ескерсек, бұл метеорит соңғы метеорит емес екендігі де белгілі...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан