Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Күн өз жүйесіндегі ең алып жұлдыз. Оның көлемі жерден 300 мың есе үлкен. Тіпті, Күн жүйесіндегі барлық планетаны қосып алсаңыз да Күннің небары 1- пайызын ғана құраған болар еді. Күн мен Жер арасындағы қашықтықты астрономиялық бірлік деп атайды. Нақтырақ айтқанда, жерден күнге дейін 149 миллион 597 870 шақырым.
Егер, осы қашықтыққа қазіргі "Бойнг" ұшақтарын тоқтаусыз ұшыратын болсақ, онда ұшақтар енді 20 жылдан кейін ғана барады екен.
Күн қазіргі таңда әр секунд сайын өз салмағын жоғалтып келеді. Ол күн бетінде тұратын желге байланысты. Керісінше, Күннің жарқырауы жыл өткен сайын артуда. Бұл Күн жұлдызының кеңейіп бара жатқандығын көрсетеді. Жалпы, Астрофизиктер күн осы қарқында жарқырай беретін болса, енді 5 миллион жылдан кейін жер бетіндегі судың барлығы буға айналуы мүмкін деп отыр. Бұл жер планетасының да өзіне жарық пен жылу беретін жұлдызына жұтылып кететіндігін айғақтаса керек.
Адамдар жасаған аппараттар күнге бару үшін кемінде 20 жыл ұшу керек десек, күннен шығатын сәуле жерге небары 8 минуттан астам уақытта келеді екен. Ал, жарықтың жылдамдығы күн жүйесінің ең алыс планетасы Плутонға 5 сағатта әрең жететін көрінеді. Осыған қарап ақ, біз өмір сүріп отырған күн жүйесінің қаншалықты үлкендігін байқауға болады. Алайда, бұл күн жүйесі ғана. Ал, "Құс жолы" галактикасының үлкендігі қандай ғаламат екендігін елестетудің өзі қиын...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан