Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүрсеңіз Сатурн планетасының сақинасын 258 күнде бір айналып шығады екенсіз. Жалпы, Сатурнның сақинасы сәл ертеректе ашылған болатын. Алайда, оны нақты зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың екінші жартысында жүргізілді. 2012 жылға дейін Сатурнға небары 4 планетаралық станса ғана жақындай алды.
Ең алғаш рет Сатурн планетасын 1979 жылы суретке түсірген "Пионер-11" ғарыштық құрылғысы еді. Бұрын телескоп арқылы жерден бақыланып келген алып ғаламшардың сол кезде нақты газдан тұратындығы анықталды. Ал, 2000 жылдардың басында Сатурнды зерттеуге арналған АҚШ-тың арнайы жобасы бұл планета жөнінде нақты ақпараттар тарата бастады.
Сатурн ғаламшарындағы 1- жыл жердегі 30 жылмен тең. Яғни, адам Сатурн бетінде жүріп, 1- жасқа келгенде жердегі адамның 30 жыл өмірі өте шығады екен.
Сонымен қатар, Сатурн бетінде сағатына 1800 шақырым жылдамдыққа дейін жел тұратындығы белгілі болды. Бұл жердегі дауылдардан жүз есе көп деген сөз.
Ал, Сатурнның сақинасы дегеніміз не? Ол планетаны айнала қоршап тұрған мұздар мен шаң тозаңдар жиынтығы. Жердегі экватор сызығы секілді.
Тіпті, Сатурн жерден 1 миллиард 280 миллион километр қашықта тұрса да ол жерден байқалады. Айтпақшы, Сатурнның сақинасын ең алғаш рет 1610 жылы телескоп арқылы көрген Галилео Галилей екен...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан