Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жак Ширактың саяси аренадағы жоғарғы лауазымдық қызметі 1977 жылы басталды. Ол сол кезде Париж мэрі болды. Содан 18 жыл бойы Париж қаласын басқарды. 4 жыл Франция премьер- министрі болды. Ал, 1995 жылдан 2007 жылға дейін 12 жыл Франция президенті қызметін атқарды. Әрине, бұл екінің біріне бұйыра бермейтін бақ болса керек.
Жак Ширак бейбітсүйгіш президент болды. Ол көп елдермен достық жағдайды қалады. АҚШ-тың Иракқа қарсы әскери интервенсиясын қолдамағаны үшін 2007 жылғы президент сайлауына қатыса алмады. Ол Франция президентінің 7 жылдық өкілеттігін 5 жылға қысқартқан адам.
Жак Ширак екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция тарихында ең ұзақ билік басында отырған екінші адам болды. Ол 12 жыл ел басқарды. Бұл Еуропалық елдер үшін ұзақ мерзім саналады.
Ал, авторитарлық режимдегі елдер үшін президенттің 12 жыл ғана таққа отыруы күлкілі көрінеді. Себебі, ондай мемлекеттерде президенттер кемінде 30-40 жыл ел басқарады...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан