Жамбыл облысында бес жұмысшыны ұсақтау құрылғысы басып қалды: Екі адам мерт болды
Жамбыл облысында зауыт жұмысшылары ұсақтау құрылғысының астында қалды. Екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме тастап.
Қайғылы оқиға "Қазфосфат" ЖШС филиалының ұсақтау-елеу зауытында болды. Алдын ала болжам бойынша, ұсақтау аппаратын жөндеу кезінде бес ер адам оның астында қалған. Құрылғы өшірілсе де, кенеттен іске қосылып кеткен.
28 жастағы дәнекерлеуші мен 35 жастағы слесарі оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жұмысшы қуанышқа орай аман қалған, алайда олар әртүрлі жарақаттар алды.
Мәліметтерге сүйенсек, бұл зауытта болып отырған бірінші төтенше жағдай емес.
Бір ай бұрын "Қазфосфат" бас филиалында 34 жастағы жұмысшының үстіне кірпіш құлап, ер адам ауруханаға жетпей қайтыс болды. Енді полицейлер жаңа оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.