Петропавлда 13 жасар жасөспірімге іздеу жарияланды

Oinet.kz 06-08-2022

Петропавлда 13 жасар балаға іздеу жарияланды. Жасөспірімді соңғы рет аялдамада бағыттық автобусқа отырып жатқанын көрген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Петропавлдың 13 жастағы тұрғыны Данил Лосковқа іздеу жарияланды.

Ол кеше сағат 20.00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сол күні бала Петропавлдағы 19 шағын аудан, Н. Назарбаев көшесіндегі аялдамада № 5-інші бағыттық автобусқа отырған.

Әлеуметтік желіде волонтерлер баланың белгілері жазылған бағдарларды таратып жатыр.

Жасөспірімнің бойы 147 см, арықша келген. Ұзын кекілі артқа қайырыла таралған. Желкесінде тыртығы бар. Сол күні үстінде көк түсті қысқа джинсы шалбар, көк футболка және аяғында қызыл кроссовки болған.

Данил Лосковты көрген-білгендер болса, +7-777-307-99-65, 8-926-626-64-33 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.

Автобустағы шабуыл кезінде әйелді ажалдан құтқарып қалған жолаушы туралы не белгілі
«Қазақстан үшін соңғы демім қалғанша күресемін»: Қазнетте орыс жігіттің әсерлі жазбасы тарады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×