Автобустағы шабуыл кезінде әйелді ажалдан құтқарып қалған жолаушы туралы не белгілі

Oinet.kz 06-08-2022 1797

Алматыда 27 жастағы әйелге бұрынғы күйеуі автобуста бірнеше пышақ жарақатын салған болатын. Сол сәтте жолаушылардың бірі араша түсіп келіншектің өмірін сақтап қалды. Журналистер әйелді құтқарып қалған жігіттің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Райымбек атты жігіт сол күні ол кешке шаштараздан шығып, үйіне бара жатқан. Біраз аялдамадан кейін автобусқа ерлі-зайыптылар мінген. Көлікке отырғаннан кейін  ұрсысып бастағанын байқаған Райымбек, қандай бір жағдайға дайын болып отырған көрінеді. 

Бір сәтте ер адам әйелін ұрып, пышақ ала жүгірген. Алайда Райымбек пен басқа да бірнеше жолаушы күдіктіні тоқтатып, ұстап алған. 

“Кейін автобус тоқтап, жүргізуші оқиғаға қатысушылардан басқа барлық жолаушыларды шығарып жібереді. Азамат полицияға тапсырылып, жедел жәрдем әйелді алып кетті”, - дейді жігіт.

Райымбектің жасы 24-те, Алматы қаласы әкімдігінің экология және қоршаған орта басқармасында жұмыс істейді. Оқиғаның ертесі күні таңертең оның қолы ісіп кеткен. Ауруханаға барғанда сүйегіне зақым келгені анықталған. Қазір гипспен жүрген көрінеді. 

Желі қолданушыларының арасында батыр жігітті марапаттау керек деп айтқандар да табылды. 

“Сол маңда отырғандардың реакциясы таң қалдырды. Тек бір адам ғана әрекет жасап, әйелдің өміріне араша түсті. Өз өміріне қауіп төне тұра автобус салонының жабық кеңістігінде шабуылдаған ер адамның қолын ұстап, тұншықтыру –  дені дұрыс адамның алғашқы реакциясы. Ақ футболкадағы жігіт – нағыз батыр. Күдіктіні тоқтата білді. Меніңше ол марапатталуы керек”, – деп жазған Ерлан Қуаныш есімді желі қолданушысы. 

«30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім»: Құралай Анарбекова аруларға өз кеңесін айтты
Петропавлда 13 жасар жасөспірімге іздеу жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу