Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Тазалыққа тым құмар ер адам өзіне ауру тілеп алды. 28 жастағы азамат сүйектері қақсап ауырғасын дәрігерге көрінген. Мамандар науқасқа сүйек қаңқасының флюорозы деген диагноз қояды.
Әдетте бұл ауру ауызсу құрамында фториды көп елдерде жиі кездеседі. Ал Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінде мұндай диагнозды пациенттер кездесе бермейді. Науқас Солтүстік Американың тұрғыны болғандықтан дәрігерлер аурудың себебін түсіне алмай дал болды. Сөйтсе тазалықшыл жігіт компьютердің шаңын тазалауға арналған құралды күнінен бірнеше рет пайдалантын болып шыққан. Экранға себілетін спрей құрамында фтор, көміртегі және сутегіден тұратын дифторэтан заты болған. Зиянды спрейді жұта бергесін оның жамбас буыны зақымдалған. Хирургтар оған ота жасауға мәжбүр болды.