Мұрын арқылы тыныс алу
Ғалымдардың ұйғарымынша, мұрын арқылы тыныс алу адамның есте сақтау қабілетін айтарлықтай жақсартады. Мұрынмен дем алу бір нәрсені тез тануға мүмкіндік беретін көрінеді.
Мұрын арқылы тыныс алса, адам объектіні жадына жақсы сақтап, есіне оңай түсіретіні дәлелденді. Сонымен қатар, иіс сезу мүмкіндігінен айырылу Альцгеймер ауруының алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін екені анықталды.