Майлы бетке арналған скраб
Майлы теріге арналған скрабтардың мақсаты -тері тесігін бітеп, қабынуды мен безеуді тудыратын артық майды және қабыршақтайтын бөлшектерді кетіру болып табылады. Үйде осындай скрабтарды жасау үшін қантты, ас содасын, теңіз тұзын, сұлы майын қолдануға болады. Сондай-ақ, олардың құрамында цитрустық шырындар, теріні артық майлы майдан тазартатын сүт өнімдері және бал сияқты ингредиент антисептикалық әсерге ие болуы керек. Бұлар безеулер мен қара дақтардың алдын алады. Ендеше, үй жағдайында майлы бетке арналған скрабтарды жасау тәсілін қараңыздар.
Ас содасы қосылған скраб
0,5 шәй қасық ас содасын, 0,5 шәй қасық лимон шырыны мен қасық балды жақсылап араластырамыз. Дайын болған скрабты таза бетке уқалап жағамыз. 2 минуттан соң жылы сумен жуып тастау қажет. Таза сүлгімен құрғатыңыз.
Бұл скраб керемет тазартып, артық майдан арылтады. Скраб құрамындағы бал бактерияға қарсы және антисептикалық қасиетке ие, бұл терінің қабынуы мен тітіркенуін болдырмайды.
Бал скрабы
1 қасық сұлы жармасына бал мен йогуртты қосып, мұқият араластырамыз. Иектен бастап маңдайға дейін 2 минут бойы соңғы саусақпен жақсылап уқалап жағу қажет. Сосын жылы сумен жуып, салөын сумен қайта шаю керек. Құрғақ сүлгімен сүртіп, ылғалдандырған жөн.
Бұл скраб майлы теріні нәрлендіреді. Сонымен қатар, тері тесігін терең тазартып, артық майды кетіреді және микробтарды өлтіреді.
Лимон скрабы
1 қасық теңіз тұзы мен лимон шырынын араластырып скраб дайындаймыз. 5 минут бойы скрабты таза бетімізіге уқалап жағып, сіңдыреміз. Соңынан жылы сумен жуып тастап, құрғақ сүлгімен кептіреміз.
Скраб құрамындағы теңіз тұзы бетті тазартуға жақсы көмектеседі, ал лимон шырыны беттегі дақтарды кетіреді.
Банан скрабы
Бүтін бір бананды езіп аламыз. Оған 1 қасық сүт пен 2 қасық ұнтақталған сұлы жармасын араластырамыз. Дайын болған скрабты бетіміз бен мойнымызға жағып, 5 минут бойына уқалап, сіңіреміз. Соңынан салқын сумен жуып тастаңыз.
Бұл скрабты жиі қолдану беттегі май мөлшерін азайтып және безеулерден арылуға көмектеседі.
Сүзбе скрабы
Майлы бетке арналған скрабты дайындау үшін 2 қасық сүзбе, 1 қасық майдаланған күріш пен 0,5 қасық зәйтүн майын жақсылап араластырамыз. Скрабты таза бетке біркелкі етіп жағамыз. 15-20 минут уақыт бойы уқалап сіңіріп, жылы сумен жауып тастаймыз. Соңынан салқын сумен шаю қажет. Бұл скраб беттегі безеуді кетіруге көмектеседі. Әрі жақсы ылғалдандырып, теріні нәрлендіреді.
Қаймақ скрабы
Нәрлендіретін скрабты дайындау үшін 1 қасық қаймақ, туралған жұмыртқа қабығы мен жұмыртқа сарысын араластырамыз. Дайын болған скрабты таза бетке жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастау қажет. Тазаланған бетке ылғалдандырушы кремді жағамыз.