«Жақсы хабар айтамын» - Тамара Дүйсенова бала күтіміне арналған жәрдемақы жайлы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзартуға қатысты түсініктеме берді.
"Қарастырып жатырмыз. Ол жөнінде жақсы хабар айтамын", - дейді Дүйсенова тілшісіне парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Айта кетсек, бала күтіміне арналған жәрдемақыны ұзарту мәселесі қоғамда талай рет көтерілген. Мәжіліс депутаттары бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін үш жылға дейін ұзартуды ұсынған болатын.