Құрғақ бетке арналған скраб

Oinet.kz 19-03-2020 2508

Бетке арналған скраб – бетті тазалауға және токсиндерден арылуға көмектесетін алғашқы қадамдардың бірі. Үй жағдайында бетке арналған скрабтарды қалай жасаймыз? Ендеше, бұл материал сізге арналған.

Screenshot_2.jpg

Сұлы жармасы мен бал скрабы

Бұл скраб бет терісіндегі өлі клеткаларды тазалап әрі теріні ылғалдандырады. Сұлы жармасы мен бал араласқан скрабты дайындау үшін 2 қасық сұлы жармасын 1 қасық бал және зәйтүн майымен араластырамыз. Дайын болған скрабты таза бетке жұқалап жағып, нәзік түрде ұқалаймыз. 5-10 минут уақыттан соң жылы сумен жуып тастаймыз. 

Қант скрабы

Құрғақ бетке қант скрабы орасан зор әсер етеді. Бұл скрабты дайындау үшін ыдысқа 1 шәй қасық қант, 1-2 тамшы су мен лимон шырынын қосып араластырамыз. Соңғы саусақпен скрабты таза бетімізге абайлап жағамыз. Көз айналасына байқаңыздар. Біршама уақыттан соң салқын сумен жуып болғасын, ылғалдандыратын крем жағамыз. 

Кофе скрабы

Кофе ұнтағынан бетке арналған скраб жасауға да болады. Скрабты жасау үшін бізге 1,5 шәй қасық кофе ұнтағы, 1 шәй қасық бал мен 1/3 шәй қасық зәйтүн майы қажет. Барлық қоспаны ыдыста араластырамыз. Бұл скраб бет терісін ылғалдандырады, ал  құрамындағы бал ылғалды сіңіруге және ұзақ сақтауға көмектеседі. Дайын болған скрабты жуылған бетке жағып, біршама уақыт уқалаймыз. Соңынан салқын сумен жақсылап жуу қажет.

Кокос майы қосылған қант скрабы

3 қасық қант пен 1 қасық кокос майын араластырып скраб дайындаймыз. Егер май қалың болса, оны аздап ерітуге болады. Бірақ көп қыздырмаңыз, әйтпесе ондағы қант еріп кетуі мүмкін. Қоспа аздап жылы болса жақсы. Бұл тері тесін жақсылап тазартуға көмектеседі. 

Дайын болған жылы скрабты соңғы саусағыңызбен бетіңізге 2-5 минут уқалап жағамыз. Бірақ көз айналасына жоламаймыз. Содан кейін скрабты құрғақ, жылы сүлгімен сүртеміз. 

original.jpg

Миндаль скрабы

Бетке арналған миндаль скрабын жасау үшін 500 г миндаль дәнін 3 қасық зәйтүн майымен жақсылап араластырамыз. Дайын болған скрабыт көз айналасына жақындатпай таза бетке ақырын жағып шығамыз. Соңғы саусақпен 20 минут уқалап, қайнатылған жылы сумен жуып тастаймыз. Таза сүлгімен сүртіп, ылғалдандырушы крем жағып қойамыз. 

Інжір скрабы

Бұл скрабты жасау үшін 2-3 інжір түйінін ыдыстағы 120 мл ыстық сүтке салып, бетін жабылған күйде 30 минут уақыт күтеміз. Белгіленген уақыттан соң еттартқыш арқылы ұнтақтап, 2 қасық сұлы ұнымен араластырамыз. Дайын болған скрабты таза бетке 3 минут бойы уқалап жағап болғасын, әуелгіде жылы сумен, соңынан салқын сумен жақсылап жуып тастау қажет. 

Бал скрабы

Пайдалфы скрабты дайындау үшін 1 қасық қант, 1 қасық зәйтү майы мен 5 тамшы жүзім майын қосамыз. Таза бетке 2 минут бойы уқалап жағып, жылы сумен жуыр тастаймыз. 

Енеңізге ешқашан айтуға болмайтын 4 сөз
Майлы бетке арналған скраб
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу