Енеңізге ешқашан айтуға болмайтын 4 сөз

Oinet.kz 18-03-2020 1308

Енеңізбен қандай қарым-қатынастасыз! Егер де енеңізбен араңыздың дұрыс болғанын қаласаңыз, мына төмендегі сөздерді айтпауға тырысыңыз!

unnamed.jpg

1. "Cіздің балаңыз-мамасының баласы"  

Бұл сөзбен сіз енеңізді қорлағандай боласыз. 

Аудармасы: "Сен балаңа дүрыс тәрбие бере алмадың" деген сөз. Бұл сөз кімге жағар дейсіз? 

2. "Араласпаңызшы! Өзіміз шешеміз!"

Кез-келген үлкен кісі ақыл-кеңес айтқысы келеді. Иә, мүмкін ол кісінің ақылы сізге қазір пайдаңызға жарамас. Бірақ, бұлай қатқыл үнмен жаyап қатпаңыз. Не айтатынын құлақ салып тыңдаңыз. 

3. "Менің анам басқаша үйреткен!"

Иә, әрине анаңыз сіз үшін ең қымбат адам. Оның үйреткен дүниелері де басқа болуы мүмкін. Бірақ ондай дүниелер үшін енеңізбен сөзге келудің қажеті жоқ. 

4. "Балаңыз мені қаттырақ жақсы көреді"

Бұл сөздерден кейін сіз өзіңізге проблема таптым дей беріңіз. Сіз шынымен дана, ақылды әйел болсаңыз, ешқашан мұндай сөздерді қолданбауыңыз керек.

Үй жағдайында қайызғақтан қалай арылуға болады?
Құрғақ бетке арналған скраб
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу