Үй жағдайында қайызғақтан қалай арылуға болады?

Oinet.kz 17-03-2020 1858

Адам сұлулығына сұлулық қосушы шаштың әрқашанда маңызға ие екені анық. Алайда әсем шашты қайызғақ қашанда құртып тұрары сөзсіз. Ал енді осы қайызғақтан үй жағдайында қалай арылуға болады деген сұраққа жауап қарастырып көрейік.

cropped-dandruff-falling-1200x600.jpg

Қайызғақтың пайда болу себебі

Көп адамдарды бас терісіндегі қайызғақ алаңдатқызады. Қайызғақ мәселесін шешу үшін әуелі оның шығу себебін анықтап алған жөн.

Себептері: 

  • стресс

  • жүйке жүйелерінің ауруы

  • май бездерінін жұмысына әсер ететін гормоналды өзгеріс

  • иммундық бұзылулар

  • шашты тым көп немесе аз жуу

  • шашқа зиянды заттарды қолдану: гель, лак

  • суық немесе ыстық климат

Сонымен қатар, қайызғақ қант диабеті немесе СПИД ауруларының белгісі болуы мүмкін.

Үй жағдайында қайызғақтан қалай арылуға болады?

Ол үшін мына қағидаларға назар аударыңыз:

1. Жуудан алдын шашыңызды байқап тараңыз

2. Шашыңызды күнде жуыңыз. Мұның өзі қайызғақтын өршуін едәуір төмендетуі мүмкін.

3. Қайызғаққа қарсы шашқа арналған сусабынды қолдану. Қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Мұндай сусабындарды әуелі шашқа жағып, 10-15 минут күтіңіз, сосын жақсылап жуып тастау қажет. Егер бірнеше аптадан соң әсері жоғалған жағдайда басқа сусабынмен ауыстырыңыз. 

4. Бас терісін тырнап немесе қасудың қажеті жоқ. Бұл қайызғақтың өршуіне әкеледі. 

Screenshot_2.jpg

Қайызғаққа қарсы халықтық емдер

Үй жағдайында халықтық емдер арқылы қайызғақтан арылуға болады. Мәселен, бас терісі мен шашты түймедақ тұнбасымен шайғанның өзі жақсы нәтиже көрсетеді. Егер бас терісі мен шаш құрғақ болса май және маскалар көмектеседі. Мәселен, зәйтүн майы. Оны шаштың түбіне жағып, жарты сағат ұстап, соңынан жылы сумен жақсылап жуып тастаған жөн. 

Үй жағдайында антисептикті қалай жасай аламыз?
Енеңізге ешқашан айтуға болмайтын 4 сөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу