Шаш күтіміне арналған скраб

Oinet.kz 23-03-2020 2026

Бас терісі мен шашқа скраб қолдану не үшін маңызды?

Скрабты бас терісі мен шашқа тигізер пайдасы орасан. Олар сусабындарға қарағанда әлдеқайда тиімді. Олар терінің өлі жасушаларын, шаңды және артық майлардан арылтады. Бас терісі демалып, шаш тез өседі әрі түсуі тоқтайды. Құрамына қарай скраб теріні  нәрлендіріп, алғалдандырып, шашқа жылтыр түс беріп, қайызғақ пен артық майлармен күреседі. Сонымен қатар, скраб бас терісіндегі қан айналымына да жақсы әсер етеді. 

5-domashnix-superskrabov-dlya-golovy-i-volos_1503259312-1140x570.jpg

Скрабты қалай қолданамыз?

Егер сіздің шашаңыз майлы болса скрабты аптасына бір рет, ал егер шашыңыз құрғақ болса аптасына 2-3 ре қолданған жөн.  

Скрабты тек шаштың тамырлары мен теріге ғана қолданыңыз. Скрабты қолданар алдын шашты жуудың қажеті жоқ, тек жылы сумен ылғалдандырып алса жетеді. Скрабтан соң сусабынмен кәдімгідей жуа бересіз.

Егер сіздің бас теріңіз зақымданған немесе скрабтың құрамындығы өнімдерге аллергия болса, сонымен қатар шашты бояғаннан соң скрабты қолданған дұрыс емес. Бұл шашқа кері әсерін тигізуі мүмкін. 

1. Майлы шашқа арналған теңіз тұзынан жасалған скраб

seasalt_1502444553-e1502444604334-630x315.jpg

Теңіз тұзы теріні жақсы нәрлендіріп және артық майдан арылуға көмектеседі. Әрі шашты мықтылайды. 

Скрабықа қажетті қоспалар:

3 қасық теңіз тұзы

1 қасық жылы су

Жасалу және қолдану жолдары:

Теңіз тұзы мен суды жақсылап араластырып аламыз. Дайын болған скрабты бас терісіне жағып, 5-7 минут бойымен тамырдың артқы жағынан маңдай мен самай жағынан уқалап жағып шығамыз. Сосын жылы сумен жуып тастау қажет.

2. Нәрлендіруші бал скрабы

med_saxar_1502444788-e1502444861651-630x315.jpg

Қант бас терісін тазалап, бал нәрлендіреді, ал қаймақ терең ылғалдандырады.

Қажетті заттар:

3 қасық қант

1 қасық бал

 Жасалу және қолдану жолдары:

Қант пен балды араластырып, қаймақты қосып, жақсылап араластырып алыңыз. Дайын болған қоспаны бас терісіне жағып, 5 минуттай уқалаңыз. Жақсы әсер ету үшін 10 минуттай қалдырыңыз. Сосын жылы сумен шайып тастаған жөн. 

3. Скраб теңіз тұзы мен бал

sol-i-med_1502801000-e1502801051231-630x316.jpg

Теңіз тұзы шашты нығайтады және бас терісін тазалайды. Балдың құрамында қажетті заттар көп.

Қажетті заттар: 

4 шәй қасық ұнтақталған теңіз тұзы

2 қасық сұйық бал

Жасалу және қолдану жолдары:

Тұз бен балды араластырып аламыз. Дайын болған скрабты бас терісіне жағып, жақсы әсер ету үшін 5 минут  уқалаймыз. Және 10 минуттай уақытқа қалдырамыз. Соңынан жылы сумен жуып тастаймыз.

4. Қант пен майдан жасалған скраб

sugar_1502826779-e1502826857631-630x315.jpg

Қант кірді, майды және өлі жасушаларды тазалайды. Ал май бас терісін ылғылдандырып, шашқа жылтыр түс береді.

Қажетті заттар:

2 қасық қант

1 қасық зәйтүн немесе күнбағыс майы

Жасалу және қолдану тәсілі:

Ыдысқа қант пен майды жақсылап араластырып аламыз. Бас терісіне скрабты жағамыз. Желке тұсы мен самай жағына дейін жақсылап уқалаймыз. 5-7 минуттан соң жылы сумен жуып тастаймыз.

5. Қайызғаққа қарсы кофе скрабы

coffee-salt_1502827315-e1502827347505-630x315.jpg

Кофе мен тұз скрабы бас терісін терең тазартып, шашты нығайтады және қайызғақтан арылтады.

Қажетті заттар:

2 қасық ұнтақталған кофе

2 қасық тенңіз тұзы

Жасалу және қолдану тәсілі:

Кофе мен тұзды жақсылап араластырып аламыз. Бас терісіне жағып, 5-7 минут уқалап, жақсылап сіңіреміз. Соңынан жылы сумен жуып тастаймыз. 

Есте сақтайтын жәйт: кофе ақшыл түсті шашты қоңыр түске өзгертуі мүмкін. 

Майлы бетке арналған скраб
Карантин уақытында нағыз бақытты сезіну үшін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу