Бет күтіміне қиярдың пайдасы
Қияр - әр дастарханның сәнін келтіретін көкөніс. Қиярдың құрамында күндік қажеттіктерден болған көптеген витаминдер бар. Бұлар: B1, B2, B3, B5, B6, C, витаминдері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий, және мырыш.
Қияр беттің терісін сауықтырады, тегістейді, кеңейіп кеткен бет терісінің тесіктерін кішірейтеді. Теріні ағартады.
Бірінші әдіс:
Қиярды тазалай отырып, оның қабығында көбірек жұмсағын қалдырыңыз. Сол күйінде бетіңізге жапсырыңыз. Қиярды аршығаннан кейін бірден пайдалана алмасаңыз, қабығын тоңазытқышқа салып қоюды ұмытпаңыз.
Екінші әдіс:
Жұмыртқаның ағына екі қасық жас қиярдың сөлін құйып, араластырыңыз. Бетке жағыңыз. Бұл қоспа, әсіресе бетінде тесіктері бар, зақымданған теріге ұсынылады.