Лимон беттегі қара нүктелерді кетіреді

Oinet.kz 10-02-2020 1152

Лимонды ас үйде ғана қолданбаймыз, ол иммунитетті нығайтып, эпидермис қабатындағы қажетсіз заттардан арылуға көмектеседі. Мұнымен қатар, беттегі майда тамырларды жасырып, майлылығын төмендетеді. Саңылаулардың орнын да тарылтады. Лимонның осындай пайдалы қасиеттерін ескеріп, одан жасалған маска ұсынамыз.

5Wv6RlvPoT4.jpg

Маска әзірлеу үшін бал мен лимон қажет.

1. Лимонды біраз уақытқа тоңазытқышқа салып қоямыз. Артынша ортасынан тіліп, бетіне бал жағамыз.

2. Бетіне бал жағылған лимонмен беттегі қара нүктелердің үстін үйкейміз.

3. Масканы 5 минутқа қалдырып, жылы сумен шаямыз.

Әзірлеген маскамыз төмендегі проблемалармен күресуге көмектеседі:

- беттегі қара нүктелер;

- тесіктердің кеңеюі;

- дақтар;

- орта және жоғары дәрежелі безеу.

Жарасы бар, безеуі көп теріге жағуға болмайды.

Не үшін таңғы асты міндетті түрде ішу керек?
Бет күтіміне қиярдың пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу