Не үшін таңғы асты міндетті түрде ішу керек?

Oinet.kz 15-01-2020 847

Көптеген адамдар таңғы астың маңыздылығын түсінбейді. Ұйқыдан ояна сала ас ішу денсаулыққа зиян, сырт келбетке кері әсер етеді деп жатады. Шындығынада олай емес. 

Мамандардың зерттеулеріне сүйенсек, әрбір төртінші адам таңғы асын ішпейді екен. Осының себебінен холестерин деңгейі артып, артериалды қысым көтеріледі. Ал бұл екі көрсеткіш – инфаркт пен инсультке әкелетін ең басты факторлар. Сондай-ақ таңғы асты ішпейтін адамдар семіздікке бейім келеді.

calum-lewis-387612-unsplash.jpg

Таңғы ас – тамақтанудың маңызды кезеңі. Дәрігерлердің айтуынша  ол ағзаны оятады, зат алмасуды бастайды, күні бойы жақсы жүруіңіз үшін күш пен энергия қуатын береді. Сіз егер кеңседе жұмыс жасасаңыз, күні бойы тамақтануға уақыт таппай қалуыңыз мүмкін. 

Таңғы ас міндетті түрде керек. Тек қана таңғы аспен қоректенуді әдетке айналдырыңыз. Бірақ, өзіңізді қинап, артық жеп қоймаңыз. Ақырын ғана, өз тұтыну мөлшеріңізді белгілеп алып, бастай беріңіз. Уақыт өте келе, энергияңыздың күні бойы қалай жетіп артылатынын байқайсыз. 

Кеңседе отырмай, үнемі қозғалыс үстінде болсаңыз, таңғы аспен күш жинап алу өте пайдалы. Мұны істемесеңіз, ағзаңыз секундтық тамақтану үлгісін іздеп тұрады. 

Таңғы асқа не ішкен дұрыс?
Лимон беттегі қара нүктелерді кетіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу