Жынысыңды өзгертіп алдың ба? - Экология министрін сынаған Мұхтар Тайжан оңбай сөз естіді

Oinet.kz 13-06-2023 5423

"Бізге жылап тұрған келіншек емес, бізге үлкен саланы меңгеріп алған, жөнді түрде басқара алатын салиқалы, салмақты министр керек!"  депті Мұхтар Тайжан

Screenshot_20230612_231348_Gallery.jpg

Оттапсың! Өзің не келістіріп жүрсің? Сайлана алмағандардың сайланып кеткендерде бір өші бар ма деймін. Экология министрі дұрыс қыз әрі білімді қыз, оған таласың болмасын. Осыған дейін бүлдірген министрлердің қылмыс-қатесінің кегін осы қыздан алмақшысың ба? Жыласа не болыпты?  Тасжүректен басқаның бәрі жылайды. Тек Зүльфия емес, аза тұтып бүкіл Қазақстан халқы жылап жатыр. Не болды сонша, көпке топырақ шашасың ба? Зүльфияның ішіне кіріп, жүрегіне үңіліп шықтың ба? Ер басыңмен қыздың жылағанын жаңалық ашқандай әлеуметтік желіге жариялағаның опасыздық емес пе? Ер басыңа сын емес пе, әлде жынысыңды өзгертіп алдың ба? Біріншіден, ол келіншек емес, әлі тұрмыс құрмаған қыз. Яғни, қазақтың қызы, біздің қарындасымыз! Екіншіден, ол тәкәппар емес, қарапайым қыз! Үшіншіден, ол саланы басқара алмай отыр деп кім айтты саған? Төртіншіден, "салихалы, салмақты министр керек" дейтіндей ол шошаңдақ па еді? Салихалық пен биязылықты, мәдениеттілікті өз бойыңнан ізде алдымен. Бірнәрсе айтарда ауызға абай болу керектігін білмеген сен сияқтыларға не айтуға болады? Көре алмай жүрсің бе, әлде тапсырыспен пост жаздың ба? Мафиялы жүйемен жұмыс жасау оңай ма? Оның үстіне сен сияқты күншіл ағалары мін тағып аяқтан шалса! Қолдан келсе ақылыңды айт, ол келмесе тынышыңа жүр! Билік басында шал-шауқандар отырса "кәрі-құртаңдар" дейсіңдер, ал жастар келсе "тәжірибесі жоқ шегол" дейсіңдер, сонда сендерге жағатын біреу қалды ма, мына әлемде? Біз мына жақтан өз қызымызды жеп жатырмыз, тіпті пікірлер екіге бөлініп ортаға орманнан бөлек от түсті. Мүмкін қазақты барынан айыру саясатымен орманға қасақана өрт қойған ресей тыңшылары болар, осы себеппен бір-бірімен қырылыстыру тапсырыс болар, оны қайдан білесіңдер? Мықты сыншыл болсаң, талай аспаннан гептил жауды, қанша бекіре мен киік қырылды, қанша өзен-көл тартылып орман өртенді, шөп-қамыс жанды, жерге мұнай қалдықтары төгілді, үлкен мекемелер елді улап выброс лақтырды, айта берсе өте көп. Табиғат, жер ана өз болмысынан айрылғанда осының алдындағы министрлерге сын айтқыш болсаң қайда қалдың? Бұл апатты тосын оқиғаға экология емес, төтенше жағдайлар министрлігі жауапты емес пе? "Тұрса сопақ, отырса опақ" деп осырған сиырдай қылатындай қазақ қызы саған ойыншық емес! Қолыңнан келсе бұған дейін бүлдірген министрлерді соттатып жауапқа тарт! Жұрт қара жамылып жатқанда айды аспаннан шығарғандай қызды жамандағаның не?

Марат Сәрсенбай facebook парақшасынан

Бұл көз жас - министр қоя салған «жебеушілеріне» лағнет айтқан көз жасы – Ерлан Төлеутай
«Жылай түс, шыңғыр, шырқыра»: Ақын көз жасына ерік берген экология министріне арнап өлең шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу