«Жылай түс, шыңғыр, шырқыра»: Ақын көз жасына ерік берген экология министріне арнап өлең шығарды

Oinet.kz 14-06-2023 1947

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға ақын Төреғали Тәшенов жыр арнады. Ол өлеңін өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

"О, ЗҮЛФИЯ, ЗҮЛФИЯ!

Орманың болды зым-зия,

Тып-типыл болды қыр-қия.

Заманың болды сұрқия,

Билігін отыр мыңқия,

Шіренген өңшең шыртия,

Тойып алған тыңқия,

Екі ұрты бұлтия,

Түк болмағандай тымпия,

Берген кілең құл жия,

Екі көзі жыртия,

Отыз жыл бойы өтірік

Келген жоқ па жыртыла.

Орныңа барып отырар

Атылып шығар жұлқына

Алмады ма елің ұл туа?!

Көнбес сенің ырқына,

Салаға басшы боп бару--

Білген жанға мың күнә.

Тұрысына болайын

Сораң аққан сұрқыңа,

Қысылғаныңа қымсына.

О, Зүлфия, Зүлфия!

Ішіңнен үнсіз сыңсыма,

Көк түтінге тұншыға,

Қарағайың қырқыла

Бермесін десең, ұртыңа

Су толғандай тұрғанша

Жылай түс, шыңғыр, шырқыра!

Сеп болар ма екен көз жасың

Қара орманың--

Ұлтыңа!..", - деген ол. 

Желі қолданушыларының бірі "Жас министрді табалай берудің қажеті жоқ" десе, енді бірі "Кадрдың қадірі кеткен заман" деген пікірлерін жазуда. 

Жынысыңды өзгертіп алдың ба? - Экология министрін сынаған Мұхтар Тайжан оңбай сөз естіді
20 жасар қызды көріп, өзімнің кедей екенімді түсіндім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу