20 жасар қызды көріп, өзімнің кедей екенімді түсіндім

Oinet.kz 10-06-2023 6553

Небәрі 20 жастағы қыз (әкімнің қызы) 15 миллиондық алқа мен 8 миллиондық жүзік тағады. Ал, сөмкелерінің бағасы 21 миллион теңгеден асады дейді ақпарат көздері…

Screenshot_2.jpg

Шынымды айтайын, өмірімде бренд сөмке ұстап, бриллиант тағып көрмеппін. Әркім әрқалай түсінер, ол енді қабылдауыңызға байланысты. Тапқан табысымның басым бөлігі ипотека мен несиені жабуға кетеді екен. Оның үстіне, қалада әр қадамың ақша. Ал, тапқанымнан тиын артылса, депозитке жинаймын. Қауіпсіздігім үшін, ертең не боларын білмеймін…

Әр тиынды маңдай теріммен тапқан соң ба, ақшаның бағасын білем, оңды-солды шашпаймын. Бар табысты брендке жұмсап, қоғамға “сыйлы” болып жүруге болар еді(бір жерге барсаң, мініп келген көлігің мен үстіңе жапсырған шүберекке қарап бағалайтынын талай көргенмін) біздің құндылықтар осындай, өкінішке орай… “Армангүл Тоқтамұрат” деген атыңа сай, үлкен көлік мінбейсің бе деп сөзбен тістегендер де болған. Атым - ол менің жұмысым, ал, көлігім - ол менің жағдайым (әйтпесе, кімнің жақсы көлік мінгісі келмейді). Шындық осы.

Қысқасы, 20 жастағы қыздың жарқ-жұрқ өмірін көріп, мен кедейлердің қатарына жататынынымды түсіндім. Бізде орта тап деген жоқ қой. Не байсың, не кедейсің!

Ал, Сіз қайсына жатасыз?

Пысы: бұл материалдық тұрғыдағы салыстырмалы жазба. Ең бай адам - он екі мүшесі сау адам.

Армангүл Тоқтамұрат

Фейсбуктегі парақшасынан

«Жылай түс, шыңғыр, шырқыра»: Ақын көз жасына ерік берген экология министріне арнап өлең шығарды
Масылдықтан арылу қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу