Күріштің пайдасы мен құнарлығы
Күріштің отаны – Вьетнам және Таиланд. Осы елдерді 9 мың жыл бұрын күріш өндірісі басталды. Кейіннен Идия, Қытай, Малайзия, Индонезия сынды мемлекеттерге, уақыт өте Жапония, Америка, соңында Ресей еліне де осы өндіріс келіп жетті. Біздің елде сапалы күріштер – сыр елі Қызылорда да өсіріліп, халықтың пайдасына жарайды. Қазіргі уақытта күріш кең таралған дәннің бірі.
Күріштің түрлері
Мыңжылдан бері күріштің сан алуан түрі пайда болды. Азия елдерінде микроклимат пен топырақтың әртүрлігіне байланысты әр алқапта әрқилы күріштің түрлері өсіріледі.
Күріш үш түрге бөлінеді: ұзын дәнді (индика), орташа дәнді және дөңгелек дәнді. Әрбір түр көптеген сорттарды қамтиды. Ұзын дәнді күріш сорттарынан татымды тағамдар, орташа дәнділерден - жұмсақ құрылымы бар тағамдар, дөңгелек дәнді сорттардан - тұтқыр жарма, суши, десерттер дайындалады.
Күріштің ең танымал сорттары - басмати, жасмин, арборио, девзира. Жабайы күріштің қара дәндері өте қиын және ұзақ пісуді қажет етеді.
Күріш түрлерінен бөлек өңдеу тәсілдері бойынша да жіктеледі. Минималды өңдеумен астық қабығын сақтай отырып, қоңыр күріш алынады, ұнтақтағаннан кейін күріш ақ түске айналады, ал буландыру оны сары, мөлдір етеді және дәндерде дәрумендер мен минералдар сақтауға мүмкіндік береді.
Ақ жылтыратылған күріш тез дайындалады - 10-15 минут; ал бумен жұмсақ етіп пісіретін болсақ 20-25 минутты алады; қоңыр күріш ұзақ пісуді қажет етеді, шамамен 30 минут.
Қолданылуы
Күріш жарма, крахмал және өсімдік майын өндіру үшін қолданылады. Күрішты кез келген тағаммен үйлестіріп тұтынуға болады. Оны дайындаудың негізгі әдістері - суда қайнату немесе буландыру. Көбіне күрішті шығыс елдері тұтынады. Жапонияда - суши, Қытайда - күріш торттары, кеспе, тіпті күріш шарабы мен күріш сірке суын да жасайды. Күрішпен Орталық Азияда - әртүрлі палау, Италияда - рисотто, Испанияда - паела, Англияда – пудинг сынды тағамдар жасайды.
Күріштің құрамы
Күріштің барлық сорттарында көп мөлшерде жасұнық, ақуыз, В дәрумені, кальций, темір, магний, марганец, калий, фосфор, мырыш бар. Қоңыр күріш әсіресе жасұныққа, минералдарға және дәрумендерге бай.
Күріштің құнарлығы
Күріштің калория мөлшері 333 ккал құрайды.
Күріштің тағамдық құнарлығы: ақуыздар - 7 г, майлар - 1 г, көмірсулар - 74 г.