Ақша шақыратын бұйымдар

Oinet.kz 26-01-2020 3402

Ақша шақыру үшін арнайы ырым-тыйымдарды қолданасыз ба? Үлкендердің: «Үйде ысқырма, ақшаны қашырасың!», - деуі бекер емес. Әр елдің салты басқа, дегенмен сенімнің түп негізі бір. Осы жолы табыс әкелетін бойтұмарлар туралы әңгілемейміз.  

ақша.jpg

Қызыл әмиян

Символдарға сенетін қытай ілімі Фэн-Шуй бойынша әмиянның түсіне мән берген абзал.  Жер планетасына сай қоңыр,сары , қызғылт сары, алтын, күміс, ақ және сұр түстерді таңдаған дұрыс. Қызыл түсті әмианға  назар аударған жөн. Себебі қызыл түс ақша шақырумен қатар, адамның энергияға толы екенін аңғартады. Өмірлік күшті, белсенділікке ие екенін білдіреді.

әмиян.jpg

Бағалы қағаз

Әмияныңызда тұмар ретінде  ақша ұстаңыз. Ұсақ тиын емес,керсінше ірі ақша салып қойыңыз. Әр адамның әмиянында «бақыттың» бағалы қағазы болуы тиіс. Оның міндеті – мәңгілікке өз орнында қалып, ақшаны магнитше тарту

доллар.jpg

Ескі және сирек ақшалар

Шектеулi таралыммен шығатын теңгелер де ақша шақырады. Айналымнан шығып қалған купюрларды немесе көне монеталарды жинап қойыңыз.

ескі ақша.jpg

Магнит тастар

Астрологияға  сенім артатындар шоқжұлдызына сай байлық шақыратын тастар тағу керек. Мәселен:  Тоқты – күлгінтас, гелиотропTорпақ – жадеит, ақықЕгіздер – анар, сутасШаян – зүбаржат,ақтас Арыстан – лағылБикеш – яшма, кианитТаразы – гауһарСарышаян – жылтыр тас, мысық көз Мерген – көгілдір ақық, көк тасТауешкі – ақық, малахит;Суқұйғыш – жақұтБалықтар – зүбаржат, айлы тас

Ақша шақыратын өсімдіктер

өсімдіктер.jpg

Қаржылық ахуалды жақсартуға көмектеседі деген тағы бір сенім – байлық симаолы болатын бөлме өсімдіктерін өсіру. Олардың қатарында бегония, каланхоэ, шегіргүл, бәйшешек, жауқазын, парсы теңбілгүлі және бамбук. Бұл өсімдіктің гүл ашып жайқалуына не солуына қарай экономикалық жағдайды болдауға болады деген наным бар.

Микрокредиттің құрбаны болмаңыз!
Ұйықтап жатып сөйлеудің себебі неде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу