"Салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз". Алаяқтар жаңа әдіске көшкен

Oinet.kz 24-10-2025 43

Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Схема қалай жүзеге асады?

Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырады. Олар "Салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз" деп сендіреді. Осылайша, банк шоттарыңыз бұғатталуы мүмкін екенін айтып қорқытады. Мәселені үш күн ішінде "шешу қажет" деген сылтаумен қысым көрсетеді.

"Жеке басыңызды растау керек" деп азаматтардан SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осы кодты алған соң алаяқтар банк шоттарына қол жеткізіп, қаражатты заңсыз иемденеді.

Полиция мынадай ескерту жасады:

Мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды және ешқашан SMS кодтар мен растау деректерін сұрамайды;

Ешқашан бөгде адамдарға SMS кодтарды, банк картасының нөмірі мен құпия сөзін, жеке мәліметтерді бермеңіз;

Егер күдік тудыратын қоңырау алсаңыз, әңгімені дереу тоқтатып, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

Алаяқтар Англияға жұмысқа орналастырамыз деп 300-ге жуық қазақстандықты жер сипатты
Жұмысшылар, дәрігерлер, ғалымдар: Тоқаев Республика күні қарсаңында қазақстандықтарды марапаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу