Алматыда балаларға қара шай мен нан ғана берген балабақша қызметкерлері жұмыстан босатылды

Oinet.kz 06-04-2023 817

Алматыдағы №164 балабақшаның үш қызметкері желіде жарияланған резонанс тудырған видеодан кейін жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_19.jpg

Кадрда балалар шайға нан малып жеп отырған. Үстелде басқа ештеңе болмаған.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, басшы, медбике және әдіскер қызметтік міндеттеріне адал болмағаны үшін қызметінен босатылды. Топ мұғаліміне, қоймашы мен аспазға тәртіптік жаза қолданылды.

Сондай-ақ Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысына "бақылауды әлсіреткені үшін" тәртіптік жазалар қолданылды.

Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алған
«Жалақы 60 мың-ақ теңге»: Ринат Зайытов мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу