«Жалақы 60 мың-ақ теңге»: Ринат Зайытов мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрады

Oinet.kz 06-04-2023 1371

Депутат Ринат Зайытов премьер-министрдің орынбасары Алатй Көлгіновтен мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрады. Ол бұл туралы мәжіліс отырысында жасаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_20.jpg

"Біз бүгінгі күнде мемлекеттің айнасы болып отырған мәдениет қызметкерлерін мүлдем ескерусіз қалдырудамыз. Мәдениет саласының қызметкерлері дегеніміз – тек қана сахнада өнер көрсететін тұлғалар емес, солардың жағдайын жасап отырған сахна сыртындағы еңбек адамдары. Олар мемлекетіне шынайы махаббатпен қарап, мәдениетке бар ықыласымен қызмет ететін: сахна техниктері, костюмерлер, гримерлер, жарық түсірушілер, дыбыстаушы деген сияқты мыңдаған адамдар. Жанға бататын бір жайт, бұл аталған қызметкерлер әлі күнге дейін санаты жоғарылап, жалақысы өсіп жатқан ұстаздар, дәрігерлер сияқты мамандар қатарынан де орын алған жоқ", – деді депутат.

Ринат Зайытовтың айтуынша, қазіргі таңда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 60 мың теңгеден басталып 100 мың теңгеге жетер-жетпес межеден аса алмай тұр. Бұл білікті мамандардың жұмыстан өз еркімен кетуіне себеп болып, мәдениет ошақтарының жұмысын тұралатып отыр. Осы ретте депутат мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің коэфицентін өзгертіп, жалақысын өсіруді сұрады.

Алматыда балаларға қара шай мен нан ғана берген балабақша қызметкерлері жұмыстан босатылды
Қарағандыда ер адам жеткіншектерге ақша ұсынып, ерсі әрекет көрсеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу